АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Мадемаров жемқорлық үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот төрағасына қатысты үкім Тараз қаласының 2 соты шығарды. Ол үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған қоса, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Айта кетері, былтыр мамыр айында Мадемаров азаматтық іс бойынша оң шешім шығарамын деп, адамды алдап қана қана қоймай, 1 миллион теңгесін де алған.
Сол үшін пара алу фактісі бойынша жазаға тартылды.