Фото

Поляр шұғыласы көрінбейтін елдер ерекше құбылысты тамашалай алды - фото

Осыдан бірнеше күн бұрын Поляр шұғыласын осы құбылысты тамашалау мүмкіндігі жоқ елдің тұрғындары да көре алды. Ғалымдар түсіндіргендей, қыстың соңғы күндерінде Жерде күшті магниттік дауыл байқалды
Sputnik
Осыдан бірнеше күн бұрын Поляр шұғыласын осы құбылысты тамашалау мүмкіндігі жоқ елдің тұрғындары да көре алды. Ғалымдар түсіндіргендей, қыстың соңғы күндерінде Жерде күшті магниттік дауыл байқалды.
Ғалымдардың айтуынша, Күннен короналды заттар шығып, олар магнит өрісі бар плазмалық бұлт түрінде Жерге жетті және геомагниттік өрісте ауытқулар тудырды.
Бұл әлемнің түрлі аумағында полярлық сәулелердің пайда болуының басты себебі болды. Сондықтан кейбір ел үшін мұндай табиғи құбылыс әдеттен тыс болып, тұрғындарды таңғалдырды.
1 / 8

Ғалымдардың айтуынша, поляр сәулесі әдеттен тыс ендіктерде де байқалған. Суретте: Стокгольм орталығында адамдар солтүстік шұғыласын тамашалап тұр.

2 / 8

Мамандардың айтуынша, бұған өте күшті магниттік дауылдар себеп болған. Фото: Вашингтон штаты, Ваштукна маңындағы Солтүстік шұғыласы.

3 / 8

Поляр шұғыласы – атмосферадағы таңғажайып жарық шоуы. Көбінесе ол поляр маңы ендіктерінде байқалады. Суретте: АҚШ-тағы полярлық сәуле және ай сәулесі түскен бұлт.

4 / 8

Мысалы, Франциядағы кешкі серуенге шыққан азаматтар бұл құбылысқа қатты таңғалды. Суретте: Францияның солтүстік-батысындағы Мон Сен-Мишельдегі әлсіз байқалған солтүстік шұғыласы.

5 / 8

Солтүстік шұғыласы жоғары поляр маңындағы ендіктерге тартылуына мұнда Жердің магниттік полюстері орналасуы себеп. Суретте: Финляндиядағы солтүстік сәулесі. Мұнда Поляр шұғыласы жиі кездеседі.

6 / 8

Оңтүстікке қарай солтүстік шұғыласы өте күшті күн жарқылдары кезінде қозғалады. Суретте: Вашингтондағы солтүстік шұғыласы.

7 / 8

Болжамдарға сәйкес, 6 және 19 наурызда да жер бетінде күшті магниттік дауыл болады деп күтілуде. Суретте: Швециядағы солтүстік шұғыласы.

8 / 8

Солтүстік шұғыласы – күн желінің ағыны планетаның магнит өрісіне жетіп, оттегі атомдарымен соқтығысуы кезінде пайда болатын табиғи құбылыс. Суретте: Ирландиядағы солтүстік шұғыласы.