АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Мас ер адам Ақсай қаласындағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысына пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруін талап еткен.
Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол қоқан -лоқы көрсетіп, оның қолына жарақат салған.
Ақшаны алу мүмкін болмайтынын түсінген шабуылдаушы дүкеннен бірнеше тауарларды алып, қашып кетті. Қарақшы ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы тұрғын екені анықталды.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.