Өңірлер

Қосшы тұрғыны көршісінің 20 млн теңгесін ұрлап кетті

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны көршісінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 26 ақпан күні Қосшы қаласында болды.
Жәбірленушінің айтуынша, ол бір жыл бойы жинаған 20 млн теңгесін жатын бөлмесінде сақтаған.
"Ұрлық жасалған күні үйде ешкім болмаған. Құлып та бұзылмаған. Қаскөй үйге кілттердің көшірмесін пайдаланып кірген", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ертесіне Қосшы қаласының полицейлері жәбірленушінің көршісін Қарағанды аумағында ұстады.
Қазіргі таңда ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленген.