АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Алтай аймағында Қазақстанға келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында А-322 федералдық тасжолының 267-ші шақырымында жүк көлігі мен Новосібір-Семей бағытындағы қалааралық автобустың қатысуымен жол апаты болды", - деді облыс прокурорының көмекшісі Мария Антошкина.
Оның айтуынша, апат салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Олардың барлығы автобус жолаушылары. Қай елдің азаматтары екені әлі белгісіз.
Алтай аймағының прокуроры Антон Герман Рубцовский ауданының прокуратурасына тексеріс ұйымдастыруды тапсырды.
Ведомство көлікпен қамтамасыз ету және жолаушыларды маршруттық көлікпен тасымалдау қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуы мәселелерін бағалайды.