АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Биыл Астана күнінде қазақстандықтардың демалысы бірнеше күнге ұзаруы мүмкін. Қаулы құжаты "Ашық нормативтік құқықтық актілер" сайтында жарияланды.
Үкімет қаулысында демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне ұзағырақ демала алады.
Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқпайтыны көрсетілген.
Астана күнінде демалысты ұзарту еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылған. Құжат жобасы 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.