Қоғам

Шілде айында демалыс күндері ауысады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің демалыс күнін ауыстыру жөніндегі қаулы жобасы 15 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбектенетін қазақстандықтар биыл шілдеде төрт күн қатарынан, яғни 6-8 шілде аралығында демалуы мүмкін.

"Демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылсын", - деп жазылған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген " 2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" қаулы жобасында.

Сәйкесінше, 1 шілде – сенбі – жұмыс күні болады.
Демалыс күнін шегеру "жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында" жасалғаны атап өтілді.
Құжат 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Демалыс аймақтары толықтай мобильдік байланыспен қамтылады