АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 48 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 33 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 28 ақпандағы мәлімет бойынша 1 631 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 113 пациент стационарда, 1 518 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 407 871 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.