АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Ақтөбедеде зорлықпен өлтірілген 47 жастағы әйел облыс әкімдігінде жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Бадамша ауылынан қоныс аударған Жанна Мұратқалиева облыс әкімдігіне жақында ғана жұмысқа орналасқан. Ол мәдениет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарған.
Жанна Мұратқалиеваның артында 16 және 17 жастағы кәмелетке толмаған екі қызы қалды. Екеуі де студент.
Еске сала кетейік, 47 жастағы Жанна Мұратқалиева 23 ақпанда жұмысқа кетіп, сол күйі оралмағанын жазған болатынбыз. Жұмысында да болмаған. 24 ақпанында 102 телефонына әйелдің із-түссіз жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел тергеу іс-шаралары барысында 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, оның автокөлігінің жүксалғышынан пышақ жарақатын алған әйелдің мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.