Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания Ресейге неге шүйлікті

Sputnik
Арнайы әскери операцияның бір жылдығына орай Батыс елдері жүргізіп жатқан іс-шаралар Украина СІМ басшысы біршама асығыстық танытқанын көрсетті. Ол "айтулы оқиғалар күтілуде, көп маңызды саяси белгілер, санкциялар, қару-жарақ бойынша шешімдер болады, бұл барлық деңгейде жүзеге асырылады. Ресей бұл бір жылдық дата қалай аталып өтетінін мәңгі есінде сақтап қалады" деп пікір білдірген болатын, деп жазды РИА Новости.
Ақиқатында санкциялар мен түрлі шешімдер әлемді таңғалдыруды қойды. Дегенмен Токиодағы "Үлкен жетілік" басшыларының селекторлық жиыны басталар алдында Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың ұсыныстары жаңалық болды.
Сунак кеңсесі "Премьер-министр халықаралық серіктестерді ресейлік күштерге майдан шебінен тыс соққы жасау арқылы Украинаға көмектесуге шақырады" деген мәлімдемені таратты. Яғни, ресейлік тылға шабуыл жасалады.
"Жалпы "майдан шебінен тыс" деген кең ұғым. Мысалы, серіктестер келіссе, Жапония Ресейдің Қиыр Шығысына, ал Канада Ресейдің Арктикалық аймақтарына зиян келтіруі мүмкін. Өйткені бұл Украинаға көмектеседі. Себебі ресейлік күштердің бір бөлігі жаңа бағыттарға тартылады да, қазіргі әскери іс-қимыл театрында белсенді ресейлік жауынгерлер саны азаяды", - деп жазды мақала авторы.
Алайда осы уақытқа дейін серіктестер Киевке қару-жарақ жеткізу туралы айта отырып, бомбалау және зымыран соққылары серіктестер мойындайтын шекаралардағы Ресей аумағына жасалмауы керек екенін айтып келеді. Бірақ қазір Англияның өзі қандай да бір уәде беруден аулақ болуға ашық түрде үндеп отыр.
Мақалада жазылғандай, премьер кіші Питте кезінде де мұндай әрекеттер болған. 1800 жылғы 24 желтоқсанда Париждің Сен-Никез көшесінде жарылыс болды. Алайда сол уақытта операға бет алған Наполеонды мас ат айдаушының арбаны өте жылдам жүргізуі құтқарып қалған. 1801 жылғы 1 наурызда Санкт-петербургтағы ағылшын елшісі лорд Уитворттың қатысуымен Михайловск сарайында І Павел "апоплексикалық жүрек талмасынан" қайтыс болды. Сол кезде Бонапарт "ағылшындар Парижде маған зақым келтіре алмағанмен, Петербургте бұл ойларын жүзеге асырды" деп мәлімдеді.
1853-1856 жылдары демокртаиялық Түркияның тәуелсіздігі мен аймақтық біртұтастығын қорғау үшін Қырым соғысына қатысқан ағылшындар Севастополь маңында шайқасқа түсіп қана қоймай, Крондштадт, Соловецк аралдары және Петропавлск-Камчаткада шабуыл ұйымдастырды. Бірақ ол қарсы тарапқа қатысты кез келген жақтан диверсия ұйымдастыруға болатын соғыс еді.
Ал қазір британиялық премьер-министр соғыс жарияламастан қарулы диверсияны жүзеге асыруға шақырып отыр. Сондықтан ол немістер де, италиялықтар да, басқа да коалиция елдері өзіне диверсия үшін жауапкершілікті алуы үшін "Үлкен жетілікті" осы істерге жұмылдыруды көздеп отыр.