АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттар туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Заңда үшінші елдерге шығарылатын отандық тауарларды қосымша сынақтан өткізбеу туралы жазылған. Осының арқасында кәсіпкерлер ақша үнемдей алады. Өзара сауда кезінде тауардың бағасы да төмендейді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылда Қазақстан мен үшінші елдер арасында шикізат емес тауарлардың өзара айналымы 48,6 миллиард долларды құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,5 процентке артық.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, былтыр Қазақстаннан үшінші елдерге экспортталған шикізат емес тауарлардың көемі 24,8 процентке өсіп, 18,9 миллиард долларды құрады. Негізгі елдер – Қытай, Өзбекстан, Түркия мен Нидерланд.