Спорт

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мергендер құрамасы Кувейтте өткен халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Стендтік ату бойынша Азия Кубогы мен "Кувейт Гран-приіне" әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 28 мерген қорғады. Олар екі турнирде топ жарып, барлығы 13 медаль жеңіп алды. Соның ішінде 6 алтын, 4 күміс және 3 қола бар.
Спортшылар барлық медальді "скит" – дөңгелек стендтен ату жарысында иеленді.
Азия Кубогының алтыны:
Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы;
Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы;
микс-команда – Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко
Күміс медаль:
Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников (ерлер құрамасы);
Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева (жасөспірімдер командасы);
Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон (аралас команда)
Қола медаль:
Әсем Орынбай;
Эдуард Ещенко;
Эвелина Шек
Ал ең беделді "Кувейт Гран-приі" алтын жүлдесін Зоя Кравченко жеңіп алды. Осы жарыста оған тең келер спортшы болмады.
Айта кетері, Азия Кубогы мен "Кувейт Гран-приі" 2 наурызда аяқталады.