АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" компаниясы Германияға мұнай жеткізу үшін "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне 20 мың тонна мұнайды тапсырды, деп жазылған компанияның ресми сайтында.
25 ақпанда қазақстандық мұнай "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктіне қарай жіберілді.
"2022-ші жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 миллион тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын", - делінген ресми хабарламада.
Мұнай транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымда рәсімделген келісім негізінде жүзеге асырылады.Қазақстан Германияға арналған мұнайдың алғашқы партиясын тапсырды
"ҚазТрансОйл" АҚ – Қазақстандағы магистральдік мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Компания "ҚазМұнайГаз" тобына кіреді. Магистральдік мұнай құбырларының 5,4 шақырымына жауапты.
Бұдан бөлек, "ҚазТрансОйл" шикізатты мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіп, экспортқа да шығарады.