АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар 16 наурызда телевизиялық дебатқа қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясы телевизиялық пікірсайысты өткізу үшін тиісті телеарнаны анықтау бойынша ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кеңес өткізгенін айтты.
Телеарнаны таңдауда оның функционалдық және техникалық мүмкіндіктері, аудиторияны барынша қамтуы маңызды фактор болған.
"Ақпарат министрлігі дебатты "Хабар" мемлекеттік телеарнасында өткізуді ұсынды. Телевизияық дебат күні 16 наурызға белгіленіп отыр", - деді Щегорцова.
Отырысқа қатыстан "Хабар" агенттігінің өкілі телевизиялық пікірсайыс шамамен сағат 20.00-де екі тілде өтетінін атап өтті.