Марста да қыс болады. Суретте: Марстағы танымал Королев кратері. Ғалымдардың пайымдауынша, егер бір күні адам Марсты игеруді шешсе, бұл кратердің айналасындағы аймақ алғашқы елді мекендерді құруға қолайлы болуы мүмкін. Су тапшылығы жағдайында мұз жамылғылары бар бұл аймақ адамдарды сумен қамтамасыз етеді.
"Қызыл ғаламшарда" түсірілген қысқы ландшафтардың бейнесін бұған дейін NASA жариялады.
Марс суық әрі шөлді ғаламшар саналады. Қыста мұнда ауа температура өте қатты төмендейді.
Бұл планетадағы қыстың ерекше құбылыстары арнайы роботтандырылған машиналардың арқасында зерттелді.
Марста бірнеше метрден артық қар жаумайды, қар массасының көп бөлігі әлдеқайда тегіс жерлерде жатыр.
Қызыл ғаламшардағы қар біздің ғаламшардағыдан әлдеқайда өзгеше. Белгілі болғандай, Марстағы қардың екі түрі бар: сулы мұз және құрғақ.
Көмірқышқыл диоксидті мұз бен қырау қыста дөңдердің үстінде пайда болып, көктемде құмды жалаңаштайды.
Қар "Қызыл планетаның" ең суық бөліктерінде, яғни полюстерінде болады.
Бір қызығы, Марстағы құрғақ мұздан құралған қар түйіршіктері текше тәрізді келеді.
Марста құрғақ мұз көмірқышқыл газының қатты түрі болып саналады. Ол қатты күйден газ тәрізді күйге айналу арқылы сублимацияланады.
Марстағы қысқы пейзаждар керемет әрі таңғаларлықтай. Планета полюстеріндегі температура Цельсий бойынша минус 123 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Бұл суретте жердегі су мұзы ғаламшар бетін "аралдарға" бөліп тұр.