Денсаулық

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 67 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 91 адам коронавирус жұқтырған болатын.
26 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.