АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Италияның оңтүстігінде Калабрия аймағындағы Кротоне провинциясы жағажайында 30-дан астам адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Adnkronos ақпарат агенттігі.
Мигранттар Италия жағалауына бет алған қайықта 100-ден астам адам болғандықтан, теңіздегі апат құрбандарының саны артуы мүмкін. Қазіргі уақытта 50-ге жуық адам құтқарылды, тірі қалғандарды іздеу жалғасып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Иран, Ауғанстан және Пәкістан азаматтары мінген қайық теңіз толқыны салдарынан жартасқа соғылған.