АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол жұмыстан үйге оралмаған, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми Telegram каналы.
"Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды", - деп жазылған хабарламада.
Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.