Бұл кадрларды Ресей ғылым академиясы Бірыңғай географиялық қызметінің федералды ғылыми-зерттеу орталығы Байкал бөлімшесінің мамандары видеоға түсіріп алған.
Ғалымдар бұл құбылысты "мұз соққысы" деп атайды. Ол су қоймасының ішінде және жер бетінде температураның өзгеруі нәтижесінде пайда болады және жер сілкінісіне ұқсайды.
Мұндай деформациялар әдетте сейсмикалық толқындармен байланысты болады. Оларды жергілікті сейсмикалық станциялар, сондай-ақ жағалаудағы ауылдардың тұрғындары сезген.
Сонымен бірге, сарапшылардың пікірінше, Байкал көліндегі сейсмикалық белсенділік пен жақында Түркияда болған жер сілкінісі арасында ешқандай байланыс жоқ. Өйткені мұнда ортақ тақта шекаралары жоқ.
Байкал көліндегі үлкен жарықшақтың қазіргі көрінісін видеодан тамашалаңыздар.