Қоғам

Тоқаев Түркия мен Сирияда жұмыс істеген құтқарушыларды марапаттады

Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия және Сириядағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін құтқарушыларды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
ІI дәрежелі "Айбын" орденімен:
Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.
"Құрмет" орденімен:
Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;
Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.
"Ерлігі үшін" медалімен:
Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;
Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
Гудеев Николай Николаевич, "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:
Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.
Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан президентінің Алғысы жарияланды.
Қоғам
Түркиядағы зілзала: қазақстандықтар 660 тонна гуманитарлық көмек жинады
Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияда магнитудасы 7,8 жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінен елдің 10 провинциясы зардап шеккен.
Президенттің тапсырмасымен зілзала салдарын жоюға көмек көрсету үшін Қазақстаннан 100-ге жуық құтқарушы Түркияға аттанды. Қазақстандық құтқарушылар Түркияда барлығы 7 адамды құтқарып, қаза болған 88 адамның денесін үйінді астынан алып шыққан.
Отандастарымыз Түркиядан 18-19 ақпан күндері екі рейспен елге оралды.