Өңірлер

Талдықорғанда жылу қазандығы газға ауыстырылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 ақпан - Sputnik. Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысанының жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.
Смайылов қаладағы 1981 жылдан бері жұмыс істеп тұрған "Басқуат" қазандығына барды. Қуаты шамамен 200 Гкал/сағ болатын қазандық бүгінде 500-ден астам көппәтерлі және мың жеке тұрғын үйді, 20 мектеп, 25 балабақша, 10 аурухана мен 90 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп тұр.
Талдықорғанда құрылыс жұмыстарының қарқыны мен жыл сайынғы жүктеменің ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, қазандық қуатын сағатына 300 Гкал-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Нысанды газға ауыстырып, жаңғырту көзделген.
"Қазандықты газға ауыстырудың маңызы зор, бұл өнімділікті жақсартып, экологиялық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосады. Облыс әкімдігі жоба бойынша жұмысты жеделдетуі керек. Үкімет өз тарапынан қажетті көмек көрсетеді", - деді Әлихан Смайылов.
"Газ бағасы күрт көтерілуі мүмкін": QazaqGaz алдағы уақытқа болжам жасады