АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 98 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 93 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 24 ақпандағы мәлімет бойынша 1 635 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 99 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 407 632 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.