АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы жұмысының аралық қорытындысы туралы хабарлады.
6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшерінде револьверлік қаражатқа Бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінген болатын.
"2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады (жалпы саны 761 адам)", - деп мәлімдеді Өнеркәсіпті дамыту қоры.
Жеңілдетілген автокредит бойынша көлік алғандар
© Photo : Пресс-служба "Фонда развития промышленности"
Соның ішінде 195 қатысушы өз көліктерін алған. Жалпы сомасы 1,696 млрд теңгені құрайды. Қарыздың орташа мөлшері – 8,7 млн теңге.
Жеңілдетілген автокредит бойынша көлік алғандар
© Photo : Пресс-служба "Фонда развития промышленности"
Қор өтінім 60 күн бойы күшінде болатынын еске салды. Осы мерзімде пулға қатысушылар жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуге тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталады.
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдау күні, қаржыландыру көлемі алдын ала Қордың сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.