АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Таразда тапа-тал түсте микрокредит мекемесінің қызметкеріне шабуыл жасалды. Қаскөйлер тонауға оқталғанымен, ақшаны алып кете алмады. Өйткені куәгерлер араша түскен , деп хабарлады КТК.
Жәбірленуші жұмысынан шығып сауда нысанына кірген. Сол сәтте оған белгісіз берулер тап береді.
Күдіктілер оны темірмен төпелеп, қолындағы ақша толы сөмкесіне жармасқан. Алайда қаражатын алып кете алмады. Өйткені жанжалды көрген куәгерлер жәбірленушіге араша түскен.
Күдіктілер сол кезде сытылып үлгергенімен, алысқа ұзай қоймады. Тәртіп сақшылары 30 және 22 жастағы Тараз бен Алматы тұрғынын қамауға алды. Ал сөмкеде қанша ақша болғаны сол күйі айтылмады.