АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мұрат Әйтеновтың айтуынша, еліміздің үшінші мегаполисіне былтыр тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті.
Ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Олар өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызын шығарып отыр. Биыл Шымкенттің жаңа бас жоспары бекітіледі.
"Жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі", - дейді Әйтенов.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салынады.
Президент әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға басымдық беруді тапсырды.