АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Ресейде Белгород облысының билігі әскери ұшақ құлағанын хабарлады.
"Қорғаныс министрлігінің ұшағы Валуйск ауданында апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деді өңір губернаторы Вячеслав Главков өзінің Telegram-каналында.
Қорғаныс министрлігі Су-25 шабуылдаушы ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін құлағанын хабарлады. Ұшқыш қайтыс болған.
"Ресей Аэроғарыш күштерінің Су-25 ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін Белгород облысының базалық аэродромына қайтып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты", - деп хабарлады министрлік.
Олар "ұшақ адам жоқ ашық алаңға құлады, еш нәрсе зақымданбады" деп нақтылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.