ПАВЛОДАР, 23 ақпан - Sputnik. Ақсудағы ауылда өз үйінің қорасында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.
"23 ақпан сағат 06.35-те Ақсу қаласының М.Омаров атындағы ауылында өз үйінің қорасынан учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Ол суицид жасаған", - делінген хабарламада.
Әйелінің айтуынша, олар күйеуі екеуі жиі жанжалдасқан.
"Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.