АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы жерге қатты екпінмен қонды.
Оқиға бүгін сағат 15.50-де Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде болған.
Бортта 5 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, нақты неше адам зардап шеккені белгісіз, қайтыс болғандар жоқ.
"Бұл құтқару ұшағы емес. Батыс Қазақстан облысында магистральдық мұнай құбырының үстінен ұшып жүрген "Қазавиақұтқару" тікұшағы жерге қатты соғылып қонды. Оның себебін оқиға орнына барған мамандар анықтайды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, экипаж мүшелері байланысқа шыққан. Борттағылардың бәрі аман.
Ұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен.
Ұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен.
"Бұл жағдай құтқару жұмыстарын жүргізуге әсер етпейді. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері, соның ішінде авиация әдеттегідей қызмет көрсетіп жатыр", - деп қосты Иманқұлов.