Астанада Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловты еске алу рәсімі өтті

23 ақпанда Ресей мен кейбір ТМД елдерінде аталып өтетін Отан қорғаушылар күніне орай әйгілі қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі
Кеңес Одағы батырының ерлігін дәріптеу шарасына Ресей елшілігінің қызметкерлері, Ресейдің Қазақстандағы әскери атташе аппараты, Армения мен Әзербайжан әскери атташелерінің өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар атақты панфиловшылар құрметіне арналған әскери мемориалға гүл шоқтарын қойды.
"Бүгін біз солардың ерліктерінің арқасында еліміз тәуелсіздігін сақтап келе жатқан қолбасшылар мен жауынгерлерге тағзым етуге келдік. Иван Васильевич Панфилов ресейліктер мен қазақстандықтар үшін елеулі тұлға. Үш қазақ дивизиясы астананы қорғау үшін кеуделерін оққа төседі. Бұл асыра сілтеу емес, расында да осындай жағдай болды. Біз олардың ұлы ерлігінің алдында бас иеміз", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі Эдуард Белашев.
Генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі
Оның айтуынша, генерал Панфилов тіпті ондаған жыл өтсе де, ерліктің үлгісі болып, елдерді біріктіріп тұр.
Гүл шоқтарын қою рәсімі 23 ақпанда Ресей мен кейбір ТМД елдерінде аталып өтетін Отан қорғаушылар күніне орай өтті.
Қазақстанда бұл мереке 7 мамырда тойланады.

Панфиловшылардың ерлігі

1941 жылдың шілде айынан бастап Иван Панфилов 316-атқыштар дивизиясын құра бастады. Бұл дивизияға ол Алматы мен Бішкек тұрғындарын жинады. Қазан айында дивизия Мәскеу түбіндегі Волоколамск бағытында қорғаныс ұрыстарын жүргізді.
Генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі
1941 жылы қарашада фашистердің Мәскеуге шабуылы кезінде саяси нұсқаушы Василий Клочков бастаған жауынгерлер Дубосеково разъезінің жанында қорғаныста тұрды. Төрт сағатқа созылған шайқаста жауынгерлер өз өмірін қиып, жаудың 18 танкісін жойды.
Иван Панфилов 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу облысы, Гусенево ауылы маңында мина жарықшақтарынан қайтыс болды.
Астанадағы Иван Панфиловқа арналған ескерткішті Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.