Өңірлер

Алматыда "миналанды" деген алты ғимарат тексеріліп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Алматыда бес нысанға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты, қазір тағы бір банк тексеріліп жатыр, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
"Қазіргі уақытта бес нысанға қатысты ақпарат расталмады. Банктердің бірінде тексеру жалғасып жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Тексерілген бес нысанның бірі – Қазақстан-Британ техникалық университеті бойынша жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады, деп түсіндірген болатын Әзірбек бұған дейін.
Алматы полициясы азаматтарды жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады.
Тоқаев Алматыда екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады