Алматыда 23 ақпанда жерасты дүмпуі сезілді

Алматыдан 700 шақырымдай жерде жер сілкінісі болды
Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматылықтар мен мегаполис қонақтары Астана уақытымен сағат 06.37-де MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісін сезді.
Алайда, сейсмологтар атап өткендей, төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі тіркеген жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16.0. Магнитудасы – MPV 7.0. Тереңдігі – 20 шақырым.
Фото
Зілзалаға дейінгі және жер сілкінгеннен кейінгі Түркия - фото