АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары тұтынушыларға жылжымайтын мүлікті қорғаудың сенімді және тиімді құралдарын ұсынады.
"Мүліктік сақтандырудың ерікті шарты бойынша сақтандыруды сатып алу кезінде жер сілкінісі стандартты тәуекел болып есептеледі. Мұндай сақтандыру шарты өрт, су тасқыны, жер сілкінісі сияқты жағдайларды қамтитын тәуекелдерден сақтандыруды қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді Amanat сақтандыру компаниясының өкілі Елена Васильченко.
2015 жылы "СК "Номад Иншуранс" компаниясы жер сілкінісінен мүлікті сақтандыру өнімін шығарды. Бірақ ол тиімді бағасына қарамастан сұранысқа ие болмады, содан кейін оны жауып тастады.
"Қазіргі таңда жер сілкінісі бойынша жеке өнім жоқ. Дегенмен "жер сілкінісі" қаупі біздің компания ұсынатын барлық мүліктік өнімге жаады. Әдетте бұл тәуекел стандартты қауіп ретінде енгізілген", - деді басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов.
Ол жер сілкінісі, өрт, жарылыс, найзағай соғу қаупін қамтитын "Тұрғын үй полисі" 75 мың теңгені құрайтын кез келген көлемдегі пәтер үшін айына 189 теңгені қамтитынын айтты.
Amanat компаниясында сақтандыру құны бірнеше факторға байланысты:
ғимарат салынған жыл;
құрылыс материалы;
қауіпсіздік шаралары;
өткен жылдардағы шығындардың статистикасы;
мүлік құны және т.б.
"Сақтандыру нысанын талдап көрсетуге байланысты баға тек осы параметрлермен шектелмейді. Мүлікті сақтандырудың болжамды құны бір жылдағы мүлік құнының 0,1%-ін құрайды", - деді компаниядағылар.
Мамандар мүлікті сақтандыру қызметі Алматыда әлдеқайда жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ үздік үштікте Астана мен Қарағанды да бар.
"Негізінен полистер банк сақтандыруын міндеттейтін кепілдік мүлікке сатып алынады. Дегенмен елдегі жылжымайтын мүліктің 60%-ке жуығы ипотекаға рәсімделгенін ескерсек, қазақстандықтар жер сілкінісі қаупінен қорғалған деп айта аламыз", - деді Иманжанов.
Мүлікті тұрғын үйдің бүкіл құнына емес, белгілі бір лимит бойынша жабатын шектеулі бағдарламалар бар.
"Сондықтан, мысалы құны 35 миллион теңгенің мүлкі толық жойылған жағдайда да ең жоғары төлем 5 миллионды құрайды. Егер өнім тұрғын үйдің нақты құны бойынша сатып алынса, сақтандыру компаниясы 90%-тен астамын өтей алады", - деп түйіндеді компания басшысы.
Басқа сақтандыру компаниялары дәл осындай принцип бойынша жұмыс істейді. Amanat мысалын қарастырайық. Жылына 25 000 теңгеге үйді жөндеуден сақтандыру полисін, жиһаз немесе тұрмыстық техникаға кепілдікті және төменгі қабаттағы пәтерді су басуына себеп болсаңыз, көршілеріңіздің алдындағы жауапкершілікті сақтандыра аласыз. Осы үш бағыттың әрқайсысына 1,5 миллион теңгеге дейін төлем жасалады. Бұл ең аз пакет екенін ескеру керек.
Сондай-ақ үйді 100% сақтандыруға болады. Елордада толық жөндеуден өткен және жиһазы бар 2 бөлмелі пәтердің шартты құны 38 миллион теңге болса, мұндай тұрғын үйді толық сақтандыру жылына 90 мың теңгені құрайды.
Бұл соманы жарты жылға төлеуге болады. Яғни, жылына 90 мың теңге төлеу арқылы аталған жағдайда пәтерді қалпына келтіруге барлық шығынды сақтандыру компаниясы көтеретініне сенімді болып өмір сүре аласыз.
Компания осы соманы толық төлеген кезде мүлікке ештеңе болмаса, ақша қайтарылмайтынын айтты. Тек келесі жылға жеңілдік ұсынлуы мүмкін.
Айта кетері, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылы мүлікті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысын жинау 4,5 миллиард теңгені құрады.