ПАВЛОДАР, 22 ақпан - Sputnik. Облыстың көктемгі су тасқынына дайындығы әкімдікте өткен жиында талқыланды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
17 елді мекенге қауіп төніп тұрған Баянауыл ауданына ерекше назар аударылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Хасар Хабылбековтың айтуынша, Көкдомбақ ауылына кіреберістегі көпір жөнделіп, арнайы техника, қап, жанар-жағармай, инертті материал, мотопомпалар дайындалған. 1 500 тоннадан астам қар шығарылған.
Асайын Байханов
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев
Ақтоғай және Павлодар облыстарында өткен көктемде су тасқынынан зардап шеккен Шолақсор, Рождественка, Даниловка ауылдарындағы Селета өзенінің проблемалы учаскесінде жұмыс жүргізілді, деп бөлісті аудан әкімдері.
Асайын Байханов қалалар мен аудан әкімдеріне, төтенше жағдайлар департаментіне алдағы су тасқыны кезеңіне күштер мен резервтердің толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.