АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
20 ақпанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны хабарласқан. Оның 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлы із-түзсіз жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, 6 ақпанда Астанадан қонаққа келген ұлы 13 ақпанда кеткен, содан кейін байланысын тоқтатқан.
"Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы жоғалған адамды іздеп жатыр. Жас жігіттің белгілері баяндалған бағдарлар Ақмола облысы ПД-нің барлық аумақтық бөлімшесіне, көрші облыстардың полиция бөлімдеріне жіберілді", - дейді тәртіп сақшылары
Рахман Божантаевтың бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара. Полиция оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, төмендегі телефондар арқылы дереу хабарлауды сұрады: 87786453579, 87028779255, 8(7162)257805 немесе 102.