Фото

Зілзалаға дейінгі және жер сілкінгеннен кейінгі Түркия - фото

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын ең ауыр жер сілкінісі болды, салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тапты
Sputnik
Ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл жер сілкінісі Түркия тарихындағы ең жойқын табиғи апат екенін айтты. 1939 жылғы жер сілкінісінен асып түсті. Түркияда болған жер сілкіністері әлемде бұрын-соңды тіркелген ең ірі жер сілкіністерінің ондығына кірді.
Зілзала тек тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар тарихи және мәдени құндылығы бар шіркеулерді, мешіттерді, ғимараттарды қиратты.
1 / 18

Түркияның Антакия қаласының жер сілкінгенге дейінгі көрінісі

2 / 18

Ал мына көрініс зілзаладан кейінгі қаланың күйі. Антакияда көптеген ғимарат қирап, үйінді астында көптеген адам қалды

3 / 18

Кахраманмарашта орналасқан Эльбистан қаласы қатты зардап шекті

4 / 18

Бұл елді мекен жер сілкінісінің эпицентрі болды

5 / 18

Зілзалада тарихи сәулет ескерткіштері де жермен-жексен болды. Газиантепте Куртулус мешіті қирады

6 / 18

7,8 балдық жер сілкінісінен кейінгі Куртулус мешітінің қирандысы

7 / 18

Ғасыр апатынан ондаған мың тұрғын құрбан болды. Суретте - Түркияның Адыяман қаласы

8 / 18

Адыяманда құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды құтқарып жатыр

9 / 18

Антакияда да мешіт қирады

10 / 18

Бірақ адамдар әлі де осында келіп, Аллаға құлшылық етіп жатыр

11 / 18

Түркиядағы Кахраманмараш қаласының жер сілкінгенге дейінгі көрінісі

12 / 18

Апаттан бүкіл аудан қирап қалды

13 / 18

Антакияда Хабиб-и-Неккар мешіті бұрын осындай болған

14 / 18

Мешіттің қазіргі көрінісі. Керемет күмбез толығымен опырылды, құтқарушылар қоқыс астынан бірнеше баланы алып шығарды

15 / 18

Гельбаши саябағының көрінісі. Жер сілкінгенге дейінгі әсем ғимараттар

16 / 18

Адыяманда көптеген құрылыс нысанының қазіргі бейнесі

17 / 18

Нурдаги қаласының жер сілкінгенге дейінгі панорамалық көрінісі

18 / 18

Нурдаги қаласында жер сілкінісінен қалған қирандылар маңында отырған жергілікті тұрғын