Қоғам

Түркиядағы зілзала: қазақстандықтар 660 тонна гуманитарлық көмек жинады

Гуманитарлық көмектің 500 тоннасы жөнелтілген
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ұлттық волонтерлер желісі тағы 8 тонна гуманитарлық көмекті Қазақстандағы елшілік арқылы Түркияға жіберді, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Өңірлер бойынша 660 тонна гуманитарлық көмек жиналған:
Алматы қаласы – 50 тонна;
Алматы облысы – 68 тонна;
Ақтөбе облысы – 11 тонна;
Қызылорда облысы – 3 тонна;
Түркістан облысы – 25 тонна;
Шымкент – 50 тонна;
Жамбыл облысы – 400 тонна;
Павлодар – 7 тонна;
Шығыс Қазақстан облысы – 10 тонна;
Қалған өңірлер – 30 тоннадан астам.
"Гуманитарлық көмектің 500 тоннасы Түркияға жіберілді", - деді министрліктегілер.
Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісінің есепшотына 100 млн теңгеден астам қаржы түсті.
Бұған қоса қазақстандықтар Түркияға 150-ге жуық киіз үй жөнелткен.
Этномәдени орталықтар да үлес қосып, 125 млн теңге жинап берген. Этномәдени бірлестіктердің қолдауымен сомасы 54 млн 448 мың теңгені құрайтын тұрмысқа қажетті заттар Түркияға жолданды.
"Жалпы қайғылы оқиғаға байланысты халық жұмылып, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен белсенді азаматтар өз үлесін қосып жатыр", - деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшілігі AFAD қорына қазақстандықтардан 3 млн долларға жуық қаржы түскенін хабарлаған болатын.
Еске салсақ, бүгін түнде Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкінді. Салдарынан үш адам қаза тауып, 300-ге жуығы жарақат алды.