Оқиға

СҚО-да қар астынан ер адамның мәйіті табылды

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 21 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қар астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
19 ақпанда Айыртау ауданының полиция бөліміне сағат 14:00 шамасында 45 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. Ол Янко станциясынан Жаңасу ауылы бағытында Ғабит Мүсірепов атындағы кентке жаяу кетіп қалған.

"Іздестіру шараларын жүргізу үшін полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындардан үш жедел-іздестіру тобы құрылды. Барлық жол көлігі пайдаланылды. Тағы бір топ атпен жолға шықты", - деп хабарлады полиция.

20 ақпанда Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Қар басып қалған, зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптаманың қорытындысы анықтайды. Процессуалдық сараптама жүргізіліп жатыр.
ШҚО-да полицейлер 5 ай бойы іздеген әйелдің мәйіті табылды