СТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бірінші лекпен 2 577 адамға гранттар беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік грант жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін өтеусіз беріледі.
"Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары.
Өтінімдер Business.enbek.kz порталында қабылданады. Гранттың көлемі - 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
порталда тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютер болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер:
тіркелген жұмыссыздар;
жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін)
мүгедектігі бар адамдар;
қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар адамдар;
өңіраралық қоныс аударушылар
аз қамтылған отбасы мүшелері;
көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.