АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінгенде 300-ге жуық адам зардап шекті, 18 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеді.
Түркияның Хатай қаласында өткен түнде екі жер сілкінісі болды. Біріншісінің магнитудасы 6,4, ал үш минуттан кейін болған екіншісінің магнитудасы 5,8 балл, деп хабарлады табиғи апаттарды басқару басқармасы (AFAD).
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін провинцияда болған, бірақ жер сілкінісі болған кезде мемлекет басшысы Кахраманмарашқа кеткен.
"Хатайда болған екі жер сілкінісінің салдарынан 294 адам зардап шекті. Өкініштісі, олардың 18-інің жағдайы ауыр, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар әуе және құрлық арқылы Адана мен Дертиолға жеткізілді", - деп жазды Түркияның денсаулық сақтау министрі Twitter парақшасында.