АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 19 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты Қара теңіздегі терминалдан мұнай жөнелтуді тоқтатты.
"Он тоғызыншы ақпанда КҚК теңіз терминалында ауа райына байланысты мұнай жөнелту тоқтатылды. Өйткені қатты дауыл соғып, толқын болған. Осы уақытқа дейін Новороссийск портының капитаны дауыл шектеуін алған жоқ, болжам жағымсыз", - делінген КҚК хабарламасында.
"КҚК теңіз терминалындағы КҚК резервуарлық паркі толтырылған (шамамен 1 миллион тонна мұнай бар)", - деп толықтырды консорциум.
КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1 511 км. Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.
КҚК акционерлері ресейлік "Транснефтьтен" өзге, Қазақстан ("ҚазМұнайГаз" - 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.