Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс элитасы Ресейді біржола жойғысы келетінін жасырмайды – Путин

Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин РФ федералдық жиналысындағы жолдауында Батыстың көп жыл бойы Украинаны Ресейге қарсы айдап салып келе жатқанын, оның басты мақсаты Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшыратып, оны біржола жойып жіберу екенін айтты.
"Біз оған лайықты жауап береміз, өйткені әңгіме біздің еліміздің өмір сүруі туралы болып отыр. Ресейді ұрыс даласында жеңу мүмкін емес", – деді Владимир Путин.
Сонымен қатар Украина Батыстан неғұрлым алысқа ататын қару алған сайын, Ресей соғұрлым өз шекарасынан қауіпті ығыстыруға мәжбүр болады, деп мәлімдеді Ресей президенті.
"Украинаның қазіргі режимі ұлттық мүддеге емес, үшінші елдердің мүддесіне қызмет етеді. Батыс Украинаны Ресейге қарсы соққы беретін таран (дұшпанның ұшағын не танкісін өзінің ұшағы не танкісімен соғып қирату – Sputnik) ретінде де, полигон ретінде де пайдаланып жатыр", - деді Ресей президенті.