Биылғы қысқы спорт фестиваліне 1800 қатысушы тіркелген.
Спорттық іс-шаралар барысында қатысушылар спорттың 10 түрінен сынға түсті. Олар – шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.
Спорт мерекесінің ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.
Спорттық іс-шара Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.