Алматы облысында ер адамның ішінен 19 шеге шықты

Отаны Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының хирург-дәрігерлері жасады
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғынының аш ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен ұзындығы 10 см болатын барлығы 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалды, қазір оның жағдайы қалыпты.
Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған. Оның айтуынша, ашуланып осылайша суицид жасамақ болған. Ол кезде де ұзындығы 10 см болатын 14 шегені дәрігерлер алып тастаған. Отадан соң науқас құлан-таза сауығып, ауруханадан шығарылған.