АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Былтыр 22 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Қазақстан төлқұжатын алған адамдардың арнайы жарлықпен және жеңілдетілген тәртіппен азаматтық рәсімдеген адамдар бар. Олар:
президентінің жарлығымен – 1375 адам;
қандастар - 17 676 адам;
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі – 1287 адам;
тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы конвенция бойынша – 1777 адам.
Айта кетері, тәуелсіздік жылдарында бір миллионнан астам адам Қазақстан азаматының төлқұжатын рәсімдеп алды.