Әлем

Үйлер қирап, бірнеше адам мерт болды - Бразилиядағы жойқын су тасқынының салдары

Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, карнавалды кейінге қалдырды. Зардап шеккен аймаққа әскери ұшақтар жөнелтіледі
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Бразилияның Сан-Паулу штатының жағалау аймағындағы жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан 19 адам қаза тауып, 338 адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды РИА Новости G1 порталына сілтеме жасап.
"Соңғы тәулікте жауған нөсер жаңбыр 19 адамның өмірін қиды. Сан-Паулудағы бірнеше аудан, негізінен жағалау маңындағы аймақтар зардап шекті. Дауыл салдарынан су тасқыны болып, көшкін жүріп, жүздеген адам баспанасыз қалды, Рио-Сантос, Можи-Бертиога және Тамойос тасжолы жабылды", - деп хабарлады БАҚ.
Порталдың мәліметінше, түрлі муниципалитетте су ағындары мен топырақ жынысының құлауынан ондаған үй толығымен қирап, 228 адам эвакуацияланған. 338 адам баспанасынан айырылды.
Ауа райының қолайсыздығынан құтқарушылар үйінді астында қалған Сан-Себастьян аймағындағы жағалауға тікұшақпен тез жете алмады.
Сан-Паулу губернаторы Тарсисио де Фрейтас азаматтық қорғаныс басшылығымен бірге Сан-Кристобальда жүр.
Айта кетері, мұнда бір тәулік ішінде 600 миллиметр жауын-шашын түсіп, 50-ден астам үй қираған.
Ұзынағаш ауылын су басты