АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Бүгінде Қазақстан азаматтарының Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Түркияда жер сілкінісі кезінде жоғалған бір Қазақстан азаматы тірі табылған болатын. Одан кейін үш қазақстандықтың денесі үйінді астынан шығарылды.
"Анталиядан Алматыға қаза тапқан отандастарымыздың мәйіттері жеткізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ. Дегенмен біздің дипломаттар жергілікті билікпен байланыста және қаза тапқандар мен жараланғандардың тізімін мұқият тексеріп келеді", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Айта кетері, Түркияда жер сілкінісі болған провинциялардың басым бөлігінде іздестіру жұмыстары аяқталды. Қазақстандық құтқарушылар да елге оралды.