АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық сот төрағасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу кезінде Эльвира Әзімова президентке конституциялық соттың жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштерге тоқталды.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің ашықтығы мен Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Конституциялық сотқа жүгіну тәртібін халыққа жан-жақты түсіндіру керек.
Айта кетері, конституциялық сотқа бір жарым айдың ішінде мыңнан астам өтініш түсті. Бірақ өндіріске 9 өтініш қана қабылданды. Бұған дейін конституциялық сот оның негізгі себебін түсіндірген болатын.