АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялары Астана уақыты бойынша сағат 08.21-де (Гринвич бойынша 02.21) жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 409 шақырым жерде Қытай аумағында, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекараларының түйіскен жерінде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5. Магнитудасы 4,2 MPV. Жер сілкінісі ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.