Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік мәселелері талқыланады

Sputnik Қазақстан 21 ақпанда сағат 14.00-де агенттіктің баспасөз орталығында "Қазақстан – Ресей" стратегиялық серіктестігі – Үлкен Еуразиялық кеңістікті қалыптастырудың негізі: даму перспективалары және ресурстарды шоғырландыру" тақырыбында бейнекөпір өткізеді
Sputnik
Дөңгелек үстелге қатысушылар
АЛЕКСЕЕВ Иван Петрович, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы (Астанадағы баспасөз орталығында)
БЛОХИН Константин Владимирович, т.ғ.д., саясаттанушы, Ресей ғылым академиясының Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Ресей) (онлайн)
КОЖИРОВА Светлана Басиевна, п.ғ.д., Астана халықаралық ғылыми кешенінің Қытай және Азия зерттеулері орталығының жетекшісі (онлайн)
КУШАЛИЕВ Ернар Талғатұлы – ҚҚДИ қоғамдық процестерді зерттеу орталығының талдаушысы (онлайн)
ТӘЖІБАЕВ Әлібек Тимитайұлы, "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры (Астанадағы баспасөз орталығында).
МАРМОНТОВА Таисия Викторовна, т.ғ.к., м.а Астана халықаралық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жоғары мектебінің профессоры (Астанадағы баспасөз орталығында)
ОКОЛИ Маурис Ндубуиси, э.ғ.к., Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты
ПАНОВ Виктор Сергеевич, "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің басшысы
СҮЛЕЙМАНОВ Артур Рамильевич, "Бірлік-Единство" геосаяси зерттеулер орталығының этносаясат және конфликтологияны зерттеу секторының меңгерушісі (Уфа қаласы, Ресей) (онлайн)
СЫСОЕВА Ригина Валерьевна, "Халықаралық зерттеулер" мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Астана халықаралық университеті (Астанадағы баспасөз орталығында)
ТАСМАҒАМБЕТОВА Дамиля, Халықаралық және саяси зерттеулер мен болжамдар орталығының халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы, Мәскеу үкіметі жанындағы Ұлттар істері жөніндегі кеңестің мүшесі, "Еуразия әйелдерінің форумы" АҚБ Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары (онлайн)
Іс-шараны "Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігі мен "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығы, "Томирис" КЕАҰ (T.D.S.) (Мәскеу қаласы), Халықаралық және саяси зерттеулер мен болжамдар орталығы (Мәскеу қаласы) ұйымдастырады.
Сараптамалық талқылауларға арналған мәселелер
1.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту стратегиясы. Қазіргі жаһандану процестерінің даму қарқыны. Жаһандық басқарудағы ұлттық мүдделерді үйлестіру.
2.
Қазіргі халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Ресейдің рөлі, тату көршілік, әріптестік, достық, сауда қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары мен келешегі, тарихи фактілердің маңызы.
3.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы достық және сауда қатынастарын нығайту бойынша экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияға қатысатын ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін жандандыру.
4.
Орталық Азиядағы жаңа қаржы және экономикалық орталықтар: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және т.б.
Дөңгелек үстелге қатысуға Ресей-Қазақстан қатынастары саласындағы жетекші сарапшылар, Қазақстан, Ресей Федерациясы, ТМД және басқа да елдердің ғылыми қоғамдастық өкілдері шақырылған.
Дөңгелек үстел Sputnik Қазақстан сайты мен сайттың Вконтакте парақшасында 21 ақпанда, Астана уақытымен сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Журналистер +7 (7172) 47-26-73 телефоны арқылы 21 ақпан сағат 13:00-ге дейін аккредиттеледі.