АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. 32 жастағы учаскелік инспектор Ұлан Имашев жексенбі күні түсте полиция бөлімшесінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"19 ақпан күні сағат 14:40 шамасында Қарағандыдағы учаскелік полиция бөлімшесінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала диагноз қойды. Өлім жүрек жеткіліксіздігінен болған", - деп хабарлады полицейлер.
Қарағанды облысы ІІД басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.